ПОДЕЛИТЬСЯ
16 қыркүйек 2021 | 14:05
Алматылықтар әл-Фараби даңғылының жабылуына шағымданды
Алматылықтар әл-Фараби даңғылындағы кептеліс пен көшенің жабық болуына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматылықтар әл-Фараби даңғылындағы кептеліс пен көшенің жабық болуына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әл-Фараби даңғылында, Сайын көшесінен Жароков көшесіне дейінгі аралықта таңертеңгі уақытта үлкен кептеліс болды.
Әлеуметтік желі қолданушылары әл-Фараби даңғылының жабылуын ресми тұлғаның Алматыға жұмыс сапарымен байланысты деп болжаған.
"Әл-Фараби даңғылын таңғы 9-ға дейін жауып тастады! Біреу келді! Олар шамамен 40 минут тұрды. Заңсыздық", - деп жазды almaty_jungle атты қолданушы.
"Бұл күн сайын қайталанады. Билік қайда қарайды? Иә, иә. Олар ыңғайлы жүруі үшін жолды жауып тастайды, кептелісте басқа адамдардың уақытты босқа өткізетіні, жүйкесі жұқаратыны, зиян газдармен тұншығатыны маңызды емес", - деді telnova8238.
"Барлық сөгіс, айыппұл, жұмыстағы ескертулерді осындай кептеліс жасаған шенеуніктерге беру керек. Пайдасыз, ұзақ уақыт кептелісте тұрғанымыз үшін рубльмен айыппұл төлету керек!" - деді тағы бір қолданушы.
Жүргізушілердің айтуынша, кептеліс таңғы сағат 07.30-дан 9-ға дейін созылған.
Әлеуметтік желілерде көптеген адамдар жолдың жабылуына байланысты жұмысқа кешігіп қалғандарын жазды.
"Депутаттар жұмыс уақытында және жалпы жолдарды жабуға тыйым салу туралы заң жобасын қабылдағаны дұрыс. Бірінші кезекте олар қалада кептеліссіз жүреді, ал халық кептелісте тұрып, жұмысқа, балабақшаға, мектепке кешігуі керек пе? Ал, кім келді?" - деп жазды luybov8911.
Бұдан басқа алматылықтар автокөлік жүргізушілері кептелісте тұрмауы үшін экологиялық көлікке көшуі керек екенін айтты.
"Адамдар жылы мезгілде велосипед, скутер, самокат сияқты көлік түрлерін пайдаланудың орнына, кептелісте тұрғанды ұнатады...", - деді alemzilla.
Редакция қалалық қызмет бөліміне сауал жолдады. Әкімдік Алматы полиция департаментіне сілтеме жасады. Полиция да пікір білдіруден бас тартты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также