ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 22 шілде 2026 14:48
Алматылықтар балалар алаңынан “айырылып қалды“ - фото
Алматыдағы Бұқар жырау шағынауданының тұрғындары балалар алаңын жаңарту жұмыстарының созылып кеткеніне шағымданды. Олардың айтуынша, шамамен бір ай бұрын мердігерлер ойын аймағы мен баскетбол алаңының төсемін алып тастаған, содан бері жұмыс ілгерілемеген. Қалалық әкімдік жағдайға қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Жұмыс тоқтап қалды": не болды?
Шағынаудан тұрғыны Мария Threads әлеуметтік желісінде жазба жариялап, балалар алаңын жаңғырту жұмыстары кешігіп жатқаны туралы айтты.
Әйелдің айтуынша, олардың ауласындағы ойын аймағы жаңғырту бағдарламасына енген. Тұрғындар бұл жаңалыққа қуанып, жөндеуді асыға күткен. Алайда, Марияның айтуынша, алаңдар ішінара бұзылғаннан кейін жұмыс тоқтап қалған.
"23 маусымда әкімдік балалар алаңдарын жаңғырту бағдарламасы аясында біздің ТҮК-ге келді. Төсемін сыпырып алды да... жоқ болып кетті. Міне, бір айға жуық уақыт бойы балалар бетон, тас пен құрылыс қоқысының үстінде ойнап жүр", - деді әйел.
Ауладағы алаңдар жаңартылғанға дейін мынадай болған.
Ал қазір ойын аймағының түрі мынадай.
Марияның сөзінше, жұмыс басталғанға дейін алаңдар ескірген және жаңартуды қажет еткенімен, қолдануға жарамды болған. Сонымен қатар, ол жазғы каникул басталғалы бір айға жуық уақыт өтсе де, абаттандыру жұмыстары әлі аяқталмағанын атап өтті.
Әкімдік не дейді?
Бостандық ауданы әкімінің аппараты жағдайға қатысты түсініктеме берді.
"Мердігер ұйым мәліметінше, материалдарды жеткізуші тарапынан кідіріс болып, соның салдарынан жұмыстар уақытша тоқтатылған. Соған қарамастан, жұмысты жоспарланған мерзімде аяқтау көзделіп отыр", - деп мәлімдеді әкімдіктегілер.
Сондай-ақ баспасөз қызметі қазіргі уақытта мердігер ұйым дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап өтті. Жұмыстарды 2026 жылы тамыздың басына дейін аяқтау жоспарланған.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу