18 наурыз 2020 | 15:54

Алматылықтар дәріханалардағы ұзын-сонар кезекке шағымданып жатыр

Алматыдағы дәріханаларда маска мен антисептиктер жетіспей жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы дәріханаларда маска мен антисептиктер жетіспей жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаланың каратинге жабылатыны туралы хабарланған соң дәріханаларда ұзын-сонар кезек пайда болды. Назарбаев даңғылындағы орталық дәріханада таңертеңнен бері кезекте бір топ адамның тұрғаны байқалады.

Реклама
Реклама

Әуезов көшесіндегі дәріханада да осындай жағдай.

Дәріханадағы сатушылардың айтуынша, тұрғындардың көбі вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер мен С дәруменін сатып алып жатыр.

Сондай-ақ, ол маска мен антисептиктің тапшы екенін айтады. Осыған дейін қара түсті маскалар 55 теңгеден сатылған екен. Жаңа маскалар ертең жеткізіледі дейді.


№3 дәріхана

Еске салайық, мұның алдында Алматыда маска сатылатын дәріханалардың тізімі жарияланған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная