15 тамыз 2022 14:47

Алматылықтар дизель отынының жоқтығына шағымданды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Алматылықтар жанармай құю бекеттерінде дизель отынның жоқтығына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылықтар жанармай құю бекеттерінде дизель отынның жоқтығына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала тұрғындарының айтуынша, жергілікті жанармай құю станцияларында дизель шектеулі мөлшерде сатылып жатыр. Яғни, әр көлікке 40 литр ғана беріледі.

"10 күн бұрын жанармай құйғанда бәрі жақсы болатын. Ал сенбі 40 литрден артық алуға рұқсат бермеді. Ал кеше және бүгін дизель таппадым. Барлық жерде жоқ. Бір жанармай құю бекетінен тапқан едім, олар тек талонмен беретіндерін айтты", - дейді Toyota Land Cruiser Prado көлігін жүргізетін 60 жастағы Болат Ахметов. 

Реклама
Реклама

Ал Энергетика министрлігі дизель отыны жеткілікті деңгейде екенін, тапшылық неліктен туындағанын білмейді.

"Алматыға баратын дизель отынының 13 мың тоннадан аса қоры бар. Ал Алматы облысына - 28 мың тонна жөнелтіледі", - деді ведомствоның баспасөз қызметі. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram