29 тамыз 2023 14:34

Алматылықтар Досаевқа Арбаттағы шуды айтып шағымданды

Ерболат Досаев. Алматы әкімдігі баспасөз қызметінің суреті

Алматы тұрғыны Арбаттағы түнгі шуға шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тұрғыны Арбаттағы түнгі шуға шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкім Ерболат Досаевтың Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуінде Арбат ауданында тұратын әйел қала басшысына көшеде скутерлер мен мопедтерге тыйым салатын белгілер орнатқаны үшін алғысын білдірді.

"Арбатымыздың қаланың өте әдемі бөлігіне айналғанын қалаймыз, Панфилов көшесінен музыканттар сол жерде ойнай алатындай етіп орын бөлуді сұраймыз, өйткені олар түні бойы біздің терезелеріміздің астында билеп, ән айтады", - деді Алматы тұрғыны.

Реклама
Реклама

"Менің ойымша, бұл көбіне мәдениеттен. Кешкі 11-ге дейін ән айтып, билеуге рұқсат, содан кейінгі шағымдар заңмен шешіледі. Егер Панфилов көшесінен орын бөлетін болсақ, онда да басқа адамдар бар, айналаның барлығы пәтерлер. Бір жерді босатсақ, басқа жерде жаңа мәселе туындайтыны түсінікті. Сондықтан, керісінше, жағдайды реттеуге тырысамыз, музыканттарымыз бен бишілерімізді заң аясында міндетті түрде қолдаймыз", - деп жауап берді Досаев.

Әкімнің айтуынша, жастар өз таланттарын көрсетуге мүмкіндік беретін жаңа креативті орталықтар құрылып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram