ПОДЕЛИТЬСЯ
08 қыркүйек 2022 | 13:44
Алматылықтар Досаевқа жүк көліктері көп өтетінін айтып шағымданды
Алматылықтар ауыр көліктердің бақылаусыз жүретінін айтып қала әкіміне шағымданды. Әкім егер қала тұрғындарының өтініштерін қанағаттандырса мегаполистің жартысын жабуға тура келетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматылықтар ауыр көліктердің бақылаусыз жүретінін айтып қала әкіміне шағымданды. Әкім егер қала тұрғындарының өтініштерін қанағаттандырса мегаполистің жартысын жабуға тура келетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жетісу өңірінің тұрғындарымен кездесуде Палладин көшесіндегі үйлердің бірінің тұрғыны Жәрдем Ақбейсенов сөз сөйледі. Ол жүк көлігі көше бойымен қатты жылдамдықпен жүретінін, жергілікті тұрғындар ауыр жүк көлігінің шаңымен тыныстап жатқанын айтқан.
"Бір-екі жыл бұрын осы жерде қайғылы оқиға болды. Бір қыз жүк көлігінің астына түсіп қайтыс болды. Біздің көшеден жүк көліктерінің өтуіне тыйым салсаңыз", - деді ер адам.
Бұған жауап ретінде әкім Досаев осындай өтініштердің көп түсетінін айтты.
"Азаматтардың өтінішін орындасам, қаланың жартысын жабуға тура келеді. Өйткені көп адамдар жүк көліктерінің белгілі бір көшелермен жүруіне тыйым салуды сұрап жатыр. Бірақ жағдайыңызды тексеріп көрейік. Қалалық мобильділік басқармасына арнайы тапсырма беремін. Көшеңіздегі көлік қозғалысына, көлік қозғалысының қарқындылығына, қанша көлік өтіп жатқанын тексереді. Мүмкін жылдамдықты шектейтін шығармыз немесе басқа да шаралар қабылдаймыз", - деді мегаполис басшысы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также