Алматылықтар Ганди саябағында тамырымен жұлынған бұталарға алаңдап отыр

Дина Шарипханова Корреспондент

Алматылықтар Ганди саябағында тамырымен жұлынған бұталарға алаңдап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматылықтар Ганди саябағында тамырымен жұлынған бұталарға алаңдап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір Ганди саябағындағы барлық бұталарды жұлып жатыр. Жұмысшылар Сайранға көшіреміз деп отыр (!). Ганди саябағында жаңа бұталар отырғызылады дейді.

Құзырлы органдардан бұл ақпаратты растауды немесе жоққа шығаруды, абаттандыру мерзімін белгілеп, абаттандыру жоспарын жалпыға қолжетімді етуді сұраймын", - деп жазды Алматы қаласының тұрғыны Татьяна Голубева Facebook әлеуметтік желісіндегі "Дежурный по городу" тобында.

Реклама
Реклама

Алматы әкімдігі жағдайды түсіндірді. Қазір Ганди атындағы саябақта аудан әкімдігі жөндеу жұмыстары аясында саябақты автоматты суару құрылғысымен көгалдандыру жұмыстарын бастап кеткен.

"Қазіргі уақытта жапырақты бұталардан қураған және ескі бұталарды алу жұмыстары жүргізіліп жатыр, саябақтағы қоршау ескі. Жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында қоршаудың жарамды элементтері Алмалы ауданының басқа да қоғамдық аумақтарына ауыстырылады", - деп хабарлады әкімдікте.

Қала билігі мәліметінше, биылғы саябақты ауқымды абаттандыру кезінде саябақтың көрнекі кеңістігін ашу арқылы аумақтың жаңа тұжырымдамасы мен ландшафты дизайны қарастырылған. Тұжырымдамада беде егу, бұталар мен гүлдердің әртүрлі сорттарын отырғызу қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная