Алматылықтар жер сілкінісін сезді

Скриншот\Яндекс карта

Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ТЖМ мәліметінше, 20 маусымда сағат 16:36-да сейсмикалық станциялар желісі арқылы жер сілкінісі тіркелген.

"ҚР ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 20 маусымда Астана уақыты бойынша 14 сағат 36 минут жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің координаттары: 40.227 ш.б. 77.569 с.е. Жер сілкінісі ошағы Қытай және Қырғызстан аумағында, Алматыдан оңтүстікке қарай 335 шақырым жерде орналасқан. Есептік қарқындылығы: Алматыда 2.0 балл", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәліметінше, магнитудасы 4,9 болатын жер сілкінісінің ошағы Қытайдың Кашгар қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 164 шақырым жерде орналасқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама