Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тұрғындардың ұялы телефондарына жер сілкінісі туралы хабарлама келді.
Еуропа–Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәліметінше, жерасты дүмпулері Қытайдың оңтүстік Синьцзян аймағында болған магнитудасы 6,1 жер сілкінісімен байланысты.
ҚР ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 4 желтоқсанда Астана уақытымен 12 сағат 45 минутта Алматыда жер сілкінісін тіркеді.
"Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ. Ақпарат анықталып жатыр", - деп хабарлады ТЖМ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!