11 қараша 2021 | 16:30

Алматылықтар қала ортасына қоқыс төгіліп жатқанына шағымданды

Дина Шарипханова Корреспондент
Видео кадры

Алматы тұрғындары қала ортасына қоқыс төгіліп жатқанына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы тұрғындары қала ортасына қоқыс төгіліп жатқанына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Әуезов ауданында, Жандосов пен Алтынсарин көшелерінің қиылысы маңында болған. Куәгерлердің айтуынша, қазанның аяғына қарай "Евразия Қаз Инвест" жүк көлігімен тұрғын үйлер маңайына қоқыс төгілген.

"Қоқыс үйінділері, тұрмыстық қалдықтар, тышқандар, жапырақтар және басқа қалдықтар төгіліп жатыр. Жақын жердегі үйге дейінгі арақашықтық екі метрге де жетпейді. Көшеге қоқыс тастауды доғарыңдар десе, олар Әуезов ауданы әкімдігі атынан жұмыс жасап жатырмыз деп жауап берді. Мәселені тезірек шешіп, көшені тазартуларыңызды сұраймын. Әуезовке, қалалық әкімдіктерге жаздым, жауап болмады. Qamqor арқылы да шағым түсірдім, бірақ желтоқсанға дейін қаралады", - деп жазды пост авторы.

Реклама
Реклама

Әуезов ауданы әкімдігі қоқыс төгілген жер жекеменшік аумақ екенін түсіндірді.

"Бұл аумаққа қоқыс түсіру "Евразия Каз Инвест" компаниясы мен осы учаскенің иесі арасындағы ауызша келісім бойынша уақытша жүзеге асырылды. Кейін қала тұрғындары шағымынан кейін бұл аумақтан жиналған қоқыстарды мердігер "Евразия Қаз Инвест" компаниясы жойды. Басшыға ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы "Абаттандыру ережелерін бұзу" бойынша хаттама толтырылды", - деді әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, бұл бап бойынша тәртіпбұзушыға ескерту немесе 20-дан 100 айлық есептік көрсеткішке дейін (58 340 теңгеден 291 700 теңгеге дейін) айыппұл салу көзделген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная