01 қыркүйек 2020 | 16:13

Алматылықтар карантин ережелерінің бұзылғанына шағымданып жатыр

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматылықтар сауда орталықтарының карантин талабын бұзғанына шағымданып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматылықтар сауда орталықтарының карантин талабын бұзғанына шағымданып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматылықтар демалыс күндері автобустар жүрмегеніне, бірақ сауда орталықтарының жұмыс істегеніне ашуланған.

Реклама
Реклама

Алматылық Жақсылық Медетовтің айтуынша, 31 тамыз, дүйсенбіде ол отбасымен бірге супермаркетке барған. Сауда үйі Қабдолов көшесіндегі сауда орталығында орналасқан екен.

"Демалыс күні сауда орталығы жұмыс істемейтін шығар деп супермаркетке бардық. Онда адамдар аз, ауру жұқтыру қаупі төмен болады деп ойладық. Бірақ біз ол жерге барғанда автотұрақтағы көліктерді көріп таңғалдық. Сауда орталығының ішіне кірген соң тіптен таңғалдық. Себебі онда да адам көп болды, бутиктер жұмыс істеп жатты. Бірақ бас санитар дәрігердің демалыс және мереке күндері сауда орталығын жабу туралы қаулысы болды ғой. Неге сауда орталығының иелері ол талапты орындамайды?", - дейді ол.

Демалыс күнінде сауда орталықтарының жұмыс істегенін қазақстандық блогерлердің Instagram желісіндегі парақшасынан да көруге болады.

Сондай-ақ, қалада қоғамдық көліктер жүрмеген. Бұл да қала тұрғындарының ашуын келтіріпті.

"Әкімдіктің халыққа қалай қамқорлық жасайтыны көрініп тұр. Instagtam-да дүйсенбіден бастап қоғамдық автобустардың қалыпты режимде жұмыс істейтіні жазылған. Міне жұмысқа шықтық, бірақ олар жоқ. Тұрғындар таксидің қызметіне жүгінуге мәжбүр. Олар жұмыстарына бара алмай жатыр. Әкімдік қайда қарап отыр?", - дейді желідегі видеоның авторы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ??????_?????? (@krispi_almaty) 30 Авг 2020 в 7:04 PDT

Алматы әкімдігі демалыс күндері қоғамдық көліктер жұмыс істемейтінін 3 күн бұрын ескерткенін жеткізді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

С уважением, @almaty_avtobustary

Публикация от Алматы Автобустары (@almaty_avtobustary) 26 Авг 2020 в 11:19 PDT

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысына сәйкес, бұл күні қоғамдық көліктер де, сауда орталықтары да жұмыс істемеуі керек болған.

Tengrinews.kz редакциясы бұл мәселеге қатысты қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне "Сауда орталықтарының иелері карантин талабын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартыла ма?" деп сауал жолдады. Басқарма әзірше бұл сұраққа жауап берген жоқ.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная