18 маусым 2021 | 15:32

Алматылықтар Президентке үндеу жасады

Алматы тұрғындары Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жасады. Тұрғындардың сөзінше, олардың малы ұрлана бастаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы тұрғындары Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жасады. Тұрғындардың сөзінше, олардың малы ұрлана бастаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz редакциясына Медеу ауданындағы Сұлусай, Кеңсай және басқа шағынаудандардың тұрғыны жүгінді. 

"Мал ұрлау жиілеп кетті. Ұрылар әр адамнан төрт, бес, кейде он бас мал ұрлап кетеді. Отбасын асырап отырған соңғы малын алып кетеді. Қарапайым халықтың барын алып, ұйымдасқан қылмыстық топтар мал ұрлығынан кәсіп жасап алған. Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Сіз біздің конституцияның кепілі ретінде, сізден көмек сұраймыз. Сіздің көмектесетініңізге және біздің мәселені шешіп беретініңізге сенеміз", - делінген тұрғындардың хабарламасында. 

Реклама
Реклама

Тұрғындар мысал ретінде 2013 жылы басталған ұрлау деректерін келтірді. Олардың сөзінше, ұрылар әлі ұсталмаған. 

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, аталған аймақта қой ұрлау дерегі тіркелген. 

"Қылмыстық құқықбұзушылық анықталды. Күдікті - А. есімді тұрғын, 1985 жылы туған, ол ұсталды. Оның ісі ҚР Қылмыстың кодексінің 188-бабы бойынша қарастырылады", - деді қалалық ПД баспасөз қызметінің өкілдері.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная