ПОДЕЛИТЬСЯ
25 наурыз 2021 | 15:26
Алматылықтар сауда орталықтары мен базарларда вакцина салдыра алады
Алматыдағы сауда және ойын-суық орталықтары мен базарларда вакцинация жүргізу жоспарланды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Лаура Мырзағали мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Лаура Мырзағалидің айтуынша, қазір Алматы емханаларында 35 екпе салу бөлмесі жұмыс істейді. Жақын арада тағы 15 пункт ашу жоспарланған.
"Мұндай пункттер жеке емханаларда да болуы мүмкін. Сондай-ақ, сауда орталықтарында, базарларда да халықты вакцинациялау мәселесін қарастырып жатырмыз", - деді ол.
Сондай-ақ, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі жазға дейін Алматыға 197 мыңнан аса вакцина жеткізілетінін айтты.
"Сәуірде 65 200 доза, мамырда 65 200 доза және маусымда 67 мың доза жеткізу жоспарланды. Сондай-ақ, ревакцинация да жалғасады", - деді Лаура Мырзағали.
Бұған дейін Алматыда дәрігердің инфекцияға қарсы вакцинациядан кейін коронавирус жұқтырғаны туралы хабарланған еді. Алайда ол жұқтыру қаупі туралы білетінін және соған қарамастан вакцинация жасау қажет екенін айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также