02 қараша 2020 | 16:11

Алматылықтар түнгі уақытта көшеде су шашқандарға шағымданды

Видеодан кадр

Алматылықтар далада ауа температурасы "минус" болып тұрса да, көшеде су шашқандарға шағымданды. Қаладағы Жетісу ауданының абаттандыру бөліміндегілер жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматылықтар далада ауа температурасы "минус" болып тұрса да, көшеде су шашқандарға шағымданды. Қаладағы Жетісу ауданының абаттандыру бөліміндегілер жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Instagram желісіндегі kris_p_almaty парақшасында жарияланды. Ролик авторы Алматыда күн суып кеткеніне қарамастан, көшеге су шашылып жүргенін айтты.

Реклама
Реклама

"Түнде ауа температурасы "минус" болса да су шашып жатыр. Көктайғақ болсын деп пе, жолда көліктер аз болсын деп пе? Осылайша жолдағы көліктерді азайтады", - дейді кадр сыртындағы дауыс.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Зачем поливать ночью в минусовую температуру ну или +3+5 , зачем ?

Публикация от @kris_p_almaty +21 | kz ?? (@kris_p_almaty) 1 Ноя 2020 в 9:25 PST

Алматы қаласы Жетісу ауданының Абаттандыру бөліміндегілер осы жағдайға байланысты пікір білдірді.

"Видеода Жансүгіров және Сейфуллин көшелерінің арасындағы Рысқұлов даңғылындағы жол бөлігі көрсетілген. Иә, 1 қарашада су шашылды, бірақ кешкі сағат 10-ға дейін. Температура "плюс" болды, түнде жұмыс жүргізілмеді. Күн суытады деп күтілетінін атап өту керек. Бүгін жиналыс болды, сол кезде түнде жолға су шашуды тоқтату туралы шешім шығарылды. Күндіз күн жылы кезде жұмыс істейміз", - деді бөлімнің бас маманы Әлишер Әбдіқадыров.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная