ПОДЕЛИТЬСЯ
19 сәуір 2021 | 11:55
Алматылықтар тұрғын үй алдындағы казино жарнамасына наразы болды
Алматы тұрғындары тұрғын үй қасбетіне ілінген казино жарнамасына наразы болды. Олар мұндай мәтіндегі жарнамаға тыйым салуды талап етеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы тұрғындары тұрғын үй қасбетіне ілінген казино жарнамасына наразы болды. Олар мұндай мәтіндегі жарнамаға тыйым салуды талап етеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алёна Плужникова Facebook әлеуметтік желісіндегі "Дежурный по городу" тобында казино жарнамасына қатысты жазба жариялады. Мекеменің атауы жазылған жарнама тұрғын үй қасбетінде ілулі тұр және жазу анық көрінеді.
"Былтыр Мақатаев көшесіндегі тұрғын үйге ілінген жарнама баннері алып тасталды. Бірақ биыл қайтадан орнына іліп қойыпты. Мұндай жарнаманы тұрғын үйлер қасбетіне ілуге бол ма? Бұл заңды ма?", - деп жазды ол.
Алматылықтар жазба авторын қолдап түрлі пікір қалдырған.
"Мұндай жарнамаға тыйым салу керек! Қазір бүкіл қала тек казино мен букмекер кеңсесін жарнамалайды", "жарнама балаларды теріс жолға салады", отбасын бұзады. Бүкіл әлем букмекер кеңсесі мен "казиноға" қарсы шығу керек", - деп жазды олар пікірде.
Жағдайға қатысты Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқарма өкілдері пікір білдірді.
"Медеу ауданы әкімі аппаратына тіркелмеген баннерді жою туралы хат жолданды. Абаттандыру ережелеріне сәйкес барлық нысаннан (ғимараттар мен құрылыстар қасбеті, дүкендер және т.б.) рұқсатсыз орналастырылған ақпараттық хабарламаларды, жазулар мен бейнелерді жою, сондай-ақ заңнаманы бұза отырып орнатылған ақпараттық баннерлерді жою жұмыстары Алматы аудандары әкімі аппаратына, нысанның меншік иелеріне немесе жалға алушы тұлғаға жүктеледі", - деді ведомство өкілі.
2019 жылдың соңында Алматы орталығында есірткі жарнамасы бар баннерлер орналастырылды, тыйым салынған сайтқа арнайы QR-код арқылы өтуге болады. Заңсыз жарнама жойылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также