25 тамыз 2023 | 09:17

Алматылықтар түтін иісіне шағымданды: синоптиктер болжамы

Tengrinews.kz оқырманына

Қазақстанның бір қаласында 25 тамызда қолайсыз ауа райы күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның бір қаласында 25 тамызда қолайсыз ауа райы күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер болжамынша, жұмада Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Мұнда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Бұл ретте Tengrinews.kz оқырмандары қазірдің өзінде қаладағы жағымсыз иіске шағымданып жатыр. Олардың айтуынша, түтін иісі Төле би көшесі мен одан төменірек, Райымбек даңғылы аумағынан шығып жатыр.

Реклама
Реклама

оқырмандардан келген суреттер

ТЖД мәліметінше, 25 тамызда сағат 01:36-да ТЖД күштері мен құралдары Жетісу ауданы, Сүйінбай даңғылы, 50 мекенжайы бойынша қоймалардағы өрт туралы хабарламаға жіберілді. Алғашқы бөлімшелер сағат 01:44-те оқиға орнына жеткенде өрт ангар типті қойманы ашық жалынмен S=295 м2. Шарпығанын анықтады. Жоғары қызу әсерінен қойманың металл қаптамасы бүгіліп, өрттің көрші қоймаларға өту қаупі туындады.

"Жергілікті жерде өртті сөндірудің екі учаскесі құрылпы, көршілес қоймаларды өртті сөндіру, көршілес қоймаларды қорғау және салқындату үшін қол және лафеттік оқпандар енгізілді, бензорезбен қызған конструкциялары кесілді. Өртті сөндіру ангардың жоғары жанғыш жүктемесімен қиындады (онда құрылыс материалдары – ламинат толған болатын және т.б.)", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, өртті сөндіру жоғары электр сымдарының болуына байланысты жеке құрамның электр тогының соғу қаупімен қиындады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная