11 наурыз 2022 | 10:12

Алматылықтар Украинадан эвакуациялау кезінде балалы болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Украинада жұмыс бабымен жүрген алматылық отбасы эвакуациялау кезінде балалы болды. Олар 10 наурызда төртінші эвакуациялық рейспен Қазақстанға оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Украинада жұмыс бабымен жүрген алматылық отбасы эвакуациялау кезінде балалы болды. Олар 10 наурызда төртінші эвакуациялық рейспен Қазақстанға оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.

Алматылық Бауыржан Игіліков 2 жылдан бері Киевте тұрып келген. Қазақстанға көшіру кезінде айы-күні жақындаған келіншегі дүниеге 8 жыл күткен тұңғышын әкеліпті. Олар баланың атын Батыр деп қойған.  

"Жолда келе жатып босанды. Хмельницкіде Дунаевцы деген аудандағы перзентханада бір дәрігер баланы алуға келісті. Өйткені 40-апта болатын. Оған дейін біз Киевтің Адонец деген клиникасымен келісімшарт жасасып қойған болатынбыз. Бірақ ол жерге телефон соққанымызда "басқа жаққа барыңыздар, бізде бомбамен шабуылдайды" деген соң біз кетіп қалдық. Сосын келіншегім босанған күннің ертесінде сол клиникаға зымыран тигенін естідік. Құдай сақтап, кетіп қалғанымыз жақсы болыпты", - деді Алматы қаласының тұрғыны Бауыржан Игіліков.

Реклама
Реклама

Еске салайық, кеше Украинадағы жерлестеріміздің төртінші легі ұшып келді. Польшадан қазақстандықтар мінген бұл рейсте 155 жолаушы болды. Оның 7-еуі - бала. Сонымен бүгінге дейін Қазақстанға 580-нен астам адам жеткізілді. Елге аман оралған қазақстандықтардың қуанышында шек жоқ. Елшілікке, ел билігіне алғыстары шексіз.  

"Жағдай өте шиеленісті болды. Қазақстанның Украинадағы және Польшадағы елшілігіне алғыс айтамыз. Олар үлкен жұмыс атқарды. Киевтегі, жалпы Украинадағы қазақстандықтарды эвакуациялау бойыншы тынымсыз жұмыс жасады. Логистикалары таңғалдырды. Львов қаласына дейін жеткізді, одан ары шекараға дейін аман-есен апарды. Ол жақта Польша елшісі күтіп алып, бізді Котовецке жеткізді", - деді қала тұрғыны Зафар Сүлейменов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная