Алматылықтардан 20 сәуірде үрейленбей, ғимараттардан шығу сұралды

Дина Шарипханова Корреспондент

20 сәуірде Алматыда жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сағат 11:00-де қала бойынша дабыл қосылады.

20 сәуірде Алматыда жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сағат 11:00-де қала бойынша дабыл қосылады.

"Сейсмикалық оқу-жаттығу басталмас бұрын, апаттық сөмкені дайындаңыз, қауіпсіз жерге шығу жолын анықтаңыз. Қауіпсіз жер - бұл электр желілерінен, ағаштардан және ғимараттардан алыс орналасқан ашық аумақ. Сейсмикалық оқу-жаттығу кезінде "Баршаңыздың назарыңызға!" дабылын естіген кезде, сабыр сақтап, ғимараттан шығыңыздар", - делінген Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті хабарламасында.

Мамандар төтенше жағдайларға дайын болу адам өмірі мен денсаулығын сақтаудың кепілі екенін атап өтті.

Реклама
Реклама

"Баршаңызды сейсмикалық оқу-жаттығуға белсенді қатысуды сұраймыз!" – деді Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама