Алматылықтардан 24 шілдеде үрейленбеу сұралды

Дина Шарипханова Корреспондент
Алматылықтардан 24 шілдеде үрейленбеу сұралды Фото: ©Tengrinews.kz/Болат Айтмолда

Бейсенбі, 24 шілдеде дабыл жүйесі сынақтан өткізіледі. Алматылықтардан сабыр сақтау сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бейсенбі, 24 шілдеде дабыл жүйесі сынақтан өткізіледі. Алматылықтардан сабыр сақтау сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

24 шілде, бейсенбіде сағат 10:00-де "Жер-2025" республикалық оқу-жаттығуы аясында қаланың дабыл қағу жүйесі тексеріледі.

"Сіздерден сабыр сақтап, қауіпсіз орындарға баруды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Алматы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқандықтан, әрбір тұрғын алдын ала қауіпсіз орынға баратын эвакуация жолын белгілеп алуға тиіс екені ескертілді.

Қауіпсіз орын ретінде электр желілерінен, ағаштар мен ғимараттардан алыс орналасқан ашық алаңдар есептеледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама