Алматылықтардан 26 қыркүйекте алаңдамау сұралды

Фото:gov.kz

Алматыда 26 қыркүйекте аумақтық қорғаныс бойынша "Қорғау-2024" арнайы тактикалық оқу-жаттығуы өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасына сілтеме жасап.

Оқу-жаттығу барысында әртүрлі қаруға ұқсас жабдықтар қолданылады (дыбыстық эффект, оқтың жарқылы, снаряд немесе минаның жарылысы кезіндегі бұлт тәріздес түтін, қоспалар мен аэрозольдердің шашылуы).

"Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына алаңдамауды және тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Оқу-жаттығу Жетісу ауданында, "ЖЭО-1" аумағында өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама