ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 11 сәуір 2025 14:33
Алматылықтардан “әкімдіктен Галинаның“ хабарламаларына жауап бермеу сұралды
Алматы әкімдігі тұрғындарға алаяқтық туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әкімдік мәліметінше, WhatsApp мессенджерінде Алматы әкімдігінің қызметкері Галина Маленкованың атынан +7 747 43 87 680 нөмірі бойынша жалған хабарламалар тарап, қоңыраулар түсіп жатыр.
"Ресми түрде мәлімдейміз: Бұл тұлға әкімдіктің қызметкері емес. Бұл алаяқтық!Сіздерден өтінеміз: мұндай хабарламаларға жауап бермеңіздер күдікті сілтемелерге өтпеңіздер өздеріңіздің жеке деректеріңізді жібермеңіздер. Сақ болыңыз және тек ресми ақпарат көздерінен алынған ақпаратқа сеніңіз", - делінген хабарламада.
Күдік туындаған жағдайда-құқық қорғау органдарына хабарласуға кеңес берілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу