Алматылықтардан сағат 16:00-ге дейін халық жиналатын орындарда болу сұралды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Сейсмология институты Алматы тұрғындарынан кешкі сағат 16:00-ге дейін халық жиналатын орындарда болуды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сейсмология институты Алматы тұрғындарынан кешкі сағат 16:00-ге дейін халық жиналатын орындарда болуды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрметті Алматы тұрғындары мен қонақтары! Сағат 11:22-де жер сілкінісі болды, афтершок болуы мүмкін, бірақ күштілігі мен сезілу мүмкіндігі аз. Қазіргі уақытта сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссия отырысы өтіп жатыр, сабыр сақтап, сағат 16:00-ге дейін халық жиналатын орындарда болуларыңызды сұраймыз. Комиссия қорытындысы қосымша хабарланады", - деді Сейсмология институтының директоры Дәулет Сәрсенбаев.

Еске салайық, 4 наурызда сағат 11:22-де Алматыда жер сілкінісі болып, 5 балл сезілді.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама