Алматылықтарды тауға шықпауға шақырды
Алматылық құтқарушылар қала тұрғындары мен қонақтарын тауға шығудан бас тартуға шақырды, себебі айтарлықтай қар көшкіні болуы мүмкін екен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ТЖД баспасөз қызметінің өкілдерініе сілтеме жасап.
Хабарламада Алматы тауларында 5 қаңтарға дейін қар көшкіні жүру ықтималдылығы сақталатыны туралы айтылған.
"Таулы аймаққа жауған қар мен әлі де қар жауатыны ескеріліп, қаңтардың 3-5 аралығында қар көшкіні жүруі мүмкін! Қала тұрғындары мен қонақтарын тауға шықпауды сұраймыз", - деді Алматы ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері.
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Пікірлерді оқу