ПОДЕЛИТЬСЯ
06 маусым 2023 | 12:32
Алматылықтарға аптапқа байланысты ескерту жасалды
"Қазгидромет" РМК ескертуіне сәйкес, Алматы қаласында 7-9 маусым аралығында 35-37 градус аптап күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Қазгидромет" РМК ескертуіне сәйкес, Алматы қаласында 7-9 маусым аралығында 35-37 градус аптап күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қала тұрғындары мен қонақтарын күн сәулесiнiң әсерiнен сақтану үшiн серуенге шықпауға шақырамыз, делінген Алматы ТЖД хабарламасында.
ТЖД төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:
- Күн сәулесі тікелей түсетін жерлерде мүмкіндігінше аз болуға тырысыңыз. Есіңізде болсын, сағат 12:00-ден 16:00-ге дейінгі уақытта күннің сәулесі белсенді болады. Денені күн сәулесінен қорғап, жабық киім киюге тырысыңыз және күннен қорғайтын сықпа майлар қолданыңыз;
- Алкогольді ішімдік ішпеңіз – алкоголь ыстықта ағзаға тез әсер етеді;
- Сұйықтықты (салқындатылған су, минералды су) мүмкіндігінше көп ішуге тырысыңыз;
- Денеге салмақ түсірмеңіз. Қатты жүктеме ыстықта жылу алмасуды арттырады да ағзаны сусыздануға әкеліп соғады;
- Авто көліктермен ұзақ сапарларды шектеуіңіз керек, егер бұл мүмкін болмаса, жолда мүмкіндігінше абай болыңыз, себебі қатты ыстықтан адам өзін өзі нашар сезінуі мүмкін және реакция төмендейді.
- Балаларды авто көліктердің ішіне аз уақытқа болса да қалдырмаңыз. Қатты ыстықтан бала есінен танып қалуы мүмкін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также