20 қазан 2023 | 09:36

Алматылықтарға ескерту жасалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

20 қазанда Алматыда, №8 қалалық клиникалық аурухана аумағында (Түрксіб ауданы, Ақан сері көшесі, 36) сағат 06:00-ден 14:00-ге дейін терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығулар өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

20 қазанда Алматыда, №8 қалалық клиникалық аурухана аумағында (Түрксіб ауданы, Ақан сері көшесі, 36) сағат 06:00-ден 14:00-ге дейін терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығулар өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап.

Оқу-жаттығу мақсаты – адам көп шоғырланған жерлерде лаңкестік қауіп төнген жағдайда өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту.

"Оқытудың мақсаты террористік тұрғыдан осал нысандардағы лаңкестік әрекеттердің жолын кесу, жарылғыш құрылғыларды залалсыздандыру, сондай-ақ кепілге алынғандарды босату және террористерді залалсыздандыру тетігін жетілдіруге бағытталған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Жаттығу кезінде шектеу шаралары қолданылады.

"Осыған байланысты азаматтарды оқиғаларға түсінікпен қарауға, тыныштық пен қауіпсіздік шараларын сақтауға, оқу-жаттығуларға қатысқан мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын сақтауға шақырамыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная