Алматыда 20 сәуір мен 6 мамыр аралығында жылу желілеріне гидравликалық сынақ жүргізіледі. Қала тұрғындарына қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Алматы жылу жүйесі" ЖШС-не сілтеме жасап.
Магистральдық және тарату құбырларын тексеру күн сайын таңғы сағат 04:00-ден 07:00-ге дейін жүргізіледі. Мегаполис тұрғындары мен қонақтарына сынақ кезінде сақтық шараларын сақтау ескертілді. Судың жер бетіне шығуы немесе жол жабынының зақымдануы сияқты жергілікті ақаулар болуы мүмкін.
Төтенше жағдай болса, өз бетінше әрекет етпей, "Алматы жылу жүйесінің" апаттық қызметтеріне келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласу сұралады:
- 378-06-48, 378-06-62 (тікелей нөмір),
- байланыс орталығы: 341-07-00 немесе 341-07-77 (ішкі нөмір 1011 немесе 1014),
- бірыңғай нөмір - 109.
Аудандар бойынша сынақ кестесі
20 сәуір
Алатау ауданы: Мөңке би – Б.Момышұлы – Райымбек батыр – Фариза Оңғарсынова
Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Тимирязев – Шағабудинов – Розыбакиев.
20-22 сәуір аралығы
Алмалы, Медеу және Жетісу аудандары: Бөгенбай батыр – Мұратбаев – Мақатаев – Сейфуллин – Тобаяқов – Желтоқсан – Мәметова – Абылай хан.
20 сәуір мен 6 мамыр аралығы
Бостандық ауданы: Асқаров – Мирас ықшамауданы – "Алматы" шипажайы – Саин – Әл-Фараби – Қазақфильм ықшамауданы – Рысқұлбеков – Әбіш Кекілбаев – Бәсенов – Өтепов – Розыбакиев – Жароков – Алмагүл ықшамауданы – Қожанов – ҚазҰУ – Тимирязев – М. Ганди – Назарбаев.
Лисянский – Розыбакиев – Жароков – Эксперименталдық база – Қожанов – Әл-Фараби – Алмагүл ықшамауданы.
Орбита-1, 2, 3, 4 – Саин – Рысқұлбеков – Розыбакиев – Үлкен Алматы өзені – Өтепов – Жароков – Бәсенов.
Медеу ауданы: Тайманов – Чайкина – Достық – Меңдіқұлов – Әл-Фараби – Жолдасбеков – Достық – Байжанов – ІІМ шипажайы.
21 сәуір
Әуезов пен Алмалы аудандары: Қарасай батыр – Райымбек – Яссауи – Емцов.
Жетісу ауданы: Айнабұлақ 1-4 ықшамауданы, Көкмайса ықшамауданы, Ангарская – Мақатаев – Палладин – Павлодарская көшелерінің шаршысы.
21 және 22 сәуір
Әуезов пен Алмалы аудандары: Қарасай батыр – Райымбек – Яссауи – Емцов.
22 сәуір
Наурызбай ауданы: Райымбек – Жүнісов – Абай – Алтын Орда.
Жетісу ауданы: Құлагер ықшамауданы (Серіков – Ратушный), Рысқұлов – Жансүгіров – Тихов – Глазунов шаршысы.
Алмалы және Бостандық аудандары: Қабанбай батыр – Жандосов – Варламов – Айманов.
22-23 сәуір аралығы
Алмалы, Медеу және Жетісу аудандары: Сейфуллин – Тобаяқов – Назарбаев – Мәметова – Уәлиханов – Әйтеке би.
23 сәуір
Наурызбай ауданы: Жобаланатын – Айтбаев – Райымбек батыр – Алтын Алаш.
23-24 сәуір аралығы
Алмалы, Жетісу және Медеу аудандары: Сейфуллин – Рысқұлов – Жангелдин – Райымбек батыр – Куратов – Гоголь.
Әуезов, Наурызбай және Бостандық аудандары: Төле би – Сәтпаев – Әшімов – Ислам Кәрімов.
24 сәуір
Алатау ауданы: Мөңке би – Момышұлы – Фариза Оңғарсынова – Зерделі ықшамауданы.
Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Өтепов – Розыбакиев – Байзақов.
27 сәуір
Алатау ауданы: Райымбек батыр – Отырар – Рысқұлов – Н. Данченко.
Алмалы ауданы: Шөкин – Петров – Қарасай батыр – Райымбек.
27 және 28 сәуір
Медеу, Алмалы және Бостандық аудандары: Гоголь – Курганская – Сәтпаев – Чайковский.
Әуезов және Алмалы аудандары: Қуанышбаев – Рысқұлбеков – Саин – Үлкен Алматы өзені.
28 сәуір
Алатау ауданы: Аққайнар кенті – Мәмбетов – ҮАА (БАК) оңтүстік жағы.
29 сәуір
Алмалы ауданы: Қарасай батыр – Ислам Кәрімов – Райымбек – Масанчи.
28 және 29 сәуір
Алмалы және Бостандық аудандары: Әйтеке би – Назарбаев – Шевченко – Желтоқсан – Сәтпаев – Сейфуллин – Абай – Досмұхамедов.
29 және 30 сәуір
Әуезов ауданы: Ұлықбек – Жандосов – Саин – Сәдуақасов.
Алмалы және Бостандық аудандары: Панфилов – Абай – Желтоқсан – Тимирязев – Гоголь – Есентай өзені.
5 мамыр
Алмалы және Жетісу аудандары: Райымбек – Бродский – Рысқұлов – Сейфуллин.
Аталған аймақтарда тұратын тұтынушылар үшін ыстық су беру тоқатылмайтыны хабарланды.