Алматылықтарға қатты жел соғатыны туралы ескертілді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Алматылықтарға екпінді жел туралы ескертілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті екпінді жел туралы ескерту жасады.

Алматылықтарға екпінді жел туралы ескертілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті екпінді жел туралы ескерту жасады.

"Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" РМК-ның 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 03 ескертуіне сүйене отырып, ескертеді! Алматыда ертең, 7 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін", - делінген Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарламасында.

ТЖД қызметкерлері тұрғындарды мынадай сақтық шараларын сақтауға шақырады:

Реклама
Реклама

"Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға көпірлер, қойма және ағаштардан аулақ болуды ұсынады. Адамды ұшып кеткен бұтақ, сынған шифер, жол белгісі соғуы мүмкін. Жерасты өткелдерінде, метро станцияларында немесе ғимараттар тасасында жасырына аласыз. Билбордтардан, маңдайшалардан, аялдамалардан, павильондардан, бағдаршамдардан алыс жүру керек. Қала тұрғындарына көліктерді ағаштардың астында қалдырмау ұсынылады!"

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама