07 қаңтар 2021 | 13:00

Алматылықтарға коронавирусқа қарсы вакцина қалай салынады?

© elements.envato.com

Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирусқа қарсы вакцина салдыру туралы айтты. Оның сөзінше, оған Алматының барлық емханасы жұмылдырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирусқа қарсы вакцина салдыру туралы айтты. Оның сөзінше, оған Алматының барлық емханасы жұмылдырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жандарбек Бекшин Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинация жұмыстары қатаң бақылауда екенін айтады.  

Реклама
Реклама

"Вакцина салатын медбикелер оқудан өтті, бірақ қауіпсіз иммунизацияға қатысты тесттен тағы да өтеді. Одан бөлек, бұл жұмысқа терапевттер жұмылдырылды. Қазір ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Арнайы тізім жасап жатырмыз. 

Ең алдымен дәрігерлер, педагогтер мен полиция қызметкерлері вакцинацияланады. Олардың кейбіріне денсаулық жағдайына байланысты коронавирусқа қарсы вакцина салуға болмайды, мысалы аяғы ауыр әйелдерге", - деді Бекшин. 

Бас санитар дәрігердің сөзінше, бүгінде тоңазытқыш ыдыстар дайын, ол коронавирусқа қарсы вакцинаны қабылдап алу үшін жеткілікті.  

"Оған тек бірнеше медұйым емес, Алматының барлық емханасы жұмылдырылады", - деді Бекшин. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная