ПОДЕЛИТЬСЯ
17 қазан 2024 | 10:11
Алматылықтарға президент хабарламасы келді: бұл не?
Алматы тұрғындары 17 қазанда таңертең Президенттің шұғыл хабарламасын алды - Mass Alert, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы тұрғындары 17 қазанда таңертең Президенттің шұғыл хабарламасын алды - Mass Alert, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұған дейін 17 қазанда Алматыда Mass Alert жедел хабарландыру жүйесі сынақтан өтетіні хабарланған болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, Mass Alert жедел хабарлау жүйесін іске қосу жобасы жүзеге асырылып жатыр.
Бүгін сағат 10:00-де алматылықтардың ұялы телефонына қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде: "Алаңдамаңыздар. Халықты хабардар ету жүйесіне тексеру жүргізіліп жатыр", "Не беспокойтесь. Проводится проверка системы оповещения населения", "Remain calm. The public alert system is being tested" деген хабарламасы бар терезе түрінде хабарлама келді.
Айта кетейік, бұған дейін iPhone иелері тек iOS 18 бағдарламалық жасақтамасы бар телефонға Mass Alert хабарламаларын алатыны хабарланған болатын. Ол үшін Алматы тұрғындары мен қонақтарына өз құрылғыларын iOS 18 нұсқасына жаңарту қажет болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также