Алматылықтарға Президент резиденциясы орнына салынған жаңа саябақтың несі ұнамады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Алматылықтарға Президент резиденциясы орнына салынған жаңа саябақтың несі ұнамады? Фото Tengrinews.kz / Юлия Сарачакова

Алматылықтар Президент резиденциясы орнына салынған жаңа скверге кіру қиын екенін айтып шағымданды. Себебі биік қоршау алынбаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматылықтар Президент резиденциясы орнына салынған жаңа скверге кіру қиын екенін айтып шағымданды. Себебі биік қоршау алынбаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тұрғындар шағымы

Бұл аймақта жиі серуендейтін тұрғындар Тұңғыш Президент қорының саябағы мен жаңа сквердің арасында қоршау тұрады деп күтпегендерін айтады. Қарашаның басында ашылған 4,16 гектарлық жаңа кеңістік бұрынғы саябақпен біртұтас аймаққа айналмаған.

Реклама
Реклама

Жергілікті тұрғындар екі қоғамдық аумақтың арасында еркін жүретін өткел болғаны дұрыс деп есептейді. Алайда, аймақ тұтас қоршалған - қақпасы да, ыңғайлы өтетін орны да жоқ. Сол себепті адамдар аймақты айналып өтуге мәжбүр.

Әкімдік жауабы

Алматы Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы қоршаудың сақталуына қатысты пікір берді. Ведомство мәліметінше, қоршау сквер құрылысы басталмай тұрып орнатылған.

"Жобада скверді толықтай қоршау қарастырылмаған. Қазіргі тұрған қоршаулар сквер салынғанға дейін қойылған және олар қауіпсіздік пен аумақты қорғау талаптарына сай орнатылған", - делінген басқарманың жауабында.

Алайда ведомство қоршауды алу немесе қақпа орнату мәселесіне қатысты нақты жауап берген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама