ПОДЕЛИТЬСЯ
15 шілде 2020 | 15:21
Алматылықтарға Сайран көліне түсуге болмайтыны ескертілді
Алматылықтар шектеуге қарамастан Сайран көліне суға түсіп жүр. Санитарлық дәрігерлер ол қауіпті екенін ескертеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматылықтар шектеуге қарамастан Сайран көліне суға түсіп жүр. Санитарлық дәрігерлер ол қауіпті екенін ескертеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тұрғындардың көлге түскені туралы видео kris.p.online Instagram парақшасында жарияланған. Видеода ересектер мен балалар Сайран көлінде суға түсіп жүр.
"Осылай адамдар ыстықтан қорғанып жүр",- делінген видео жазбасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от @kris_p_almaty +21 | ???? (@kris.p.online) 14 Июл 2020 в 2:50 PDT
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті видеоға пікір білдірді.
"Сайрандағы судың сапасына жүргізілген зертханалық мониторинг нәтижелері бойынша микробиологиялық көрсеткіштер лактозо жағымды ішек таяқшасы индексіне сәйкес келмейтіні анықталды, осыған байланысты департамент көлде шомылмаған дұрыс екенін ескертеді. Тек күнге қыздырынып, катамаранға отыруға болады", - дейді департамент өкілдері.
Әуезов ауданының әкімдігі жағалауда "суға түсуге тыйым салынады" деген белгілер орнатылғандығын айтты. Олар көлдің батыс жағалауында Төле би көшесінен Абай даңғылына дейін орналасқан. Сондай-ақ төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері үнемі бақылау жүргізеді. Көл жағасында төрт құтқарушы тәулік бойы кезекшілік атқарады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также