Алматыда Тимирязев және Желтоқсан көшелерінің кей учаскесі уақытша жөндеуге жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Желтоқсан көшесінде BRT жобасын жүзеге асыру аясында құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады.
22 шілде сағат 08:00-ден бастап 23 шілде сағат 22:00-ге дейін Тимирязев көшесінің Байтурсынов көшесінен бастап, әрі қарай Желтоқсан көшесі арқылы Сәтбаев көшесіне дейінгі бөлігі уақытша жабылады.
23 шілде сағат 08:00-ден 24 шілде сағат 22:00-ге дейін Желтоқсан көшесінің Сәтбаев көшесінен Абай даңғылына дейінгі аралығы жабық болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!