ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 04 наурыз 2024 15:39
Алматылықтарға үйлеріне қайтуға болатыны айтылды
Алматылықтар үйлеріне қайтса болады. Бұл ақпаратты ТЖД таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық жағдайын бағалауға сәйкес, Төтенше жағдайлар комиссиясы жақын күндері Алматы аумағында жойқын жер сілкінісі күтілмейді деген қорытындыға келді.
"Жоғарыда аталған комиссия шешімі негізінде Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардың тұрғылықты жеріне оралуына болады деп санайды", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу