07 ақпан 2023 | 09:09

Алматыны айналып өтетін жаңа теміржол қандай болады? Карта

Дина Шарипханова Корреспондент
Иллюстрациялық фото: pixabay.com

2024 жылға қарай Алматыны айналып өтетін жаңа теміржол желісін салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында айтылған.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2024 жылға қарай Алматыны айналып өтетін жаңа теміржол желісін салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында айтылған.

Ведомство мәліметінше, Қытайдан және осы көрші елге тасымалданатын көлік көлемі жыл сайын артып келеді. Барлық жүк бірінші кезекте Алматы теміржол торабына келеді. Ол жерден пойыздар одан әрі төрт бағытта жүреді: Шу, Ақтоғай, Алтынкөл және Алматы-2. Бұл түйін ең көп жұмыс істейтін бөлім екені атап өтілді.

"Алтынкөл-Қорғас" шекара өткелі арқылы Қытайға/Қытайдан келетін теміржол транзиттік бағыты жүк тасымалының қарқынды өсуіне ие. Осы транзиттік дәлізде Шу, Ақтоғай, Алтынкөл және Алматы-2 төрт бағытына пойыз қозғалысын қамтамасыз ететін Алматы теміржол торабы ең көп жұмыс істейтін учаске саналады.

Осыған байланысты Алматы торабындағы жүктемені азайту мақсатында министрлік Алматы вокзалын айналып өтетін айналма теміржол желісін салу жобасын жүзеге асырып жатыр. Оның ұзындығы - 73 шақырым. Іске асыру мерзімі - 2023-2024 жыл", - деп түсіндірді ИИДМ өкілдері.

Реклама
Реклама

Бұл жобаны жүзеге асыру тауарды жеткізу мерзімін 24 сағатқа дейін қысқартатыны хабарланды. Сондай-ақ, Алматы теміржол торабындағы жүктемені 40 пайызға азайтады.

"Бүгінде жобаның жобалық-сметалық құжаттамасын түзету бойынша рәсімдер жүргізіліп жатыр. Жобалаушы бастапқы мәліметтерді жинап, беру жүргізіліп жатыр. Кешенді ведомстводан тыс сараптамадан оң қорытынды алу мерзімі 2023 жылғы маусымға белгіленген.

Сондай-ақ, жобаны жүзеге асыру үшін республикалық бюджет қаражаты немесе мемлекеттік-жекеменшік әріптестік есебінен қаржыландыру тетіктері пысықталып жатыр", - деп толықтырды ведомство өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная