16 мамыр 2019 | 11:11

Алматыны басқан ыстың қайдан шыққаны анықталды

Қоқыс полигонындағы өрт салдарынан қатты ыс пен түтін Алматыны "басып" қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қоқыс полигонындағы өрт салдарынан қатты ыс пен түтін Алматыны "басып" қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Шамамен бір гектар жер өртенген, ол 16 мамырда түнгі уақытта басталған. 

Реклама
Реклама

"Түнгі 2:03-те өрт сөндіру қызметінің кезекші бөліміне Алматы облысы Қарасай ауданы Әйтей ауылынан жеті шақырым жерде қоқыс полигонындағы қатты тұрмыстық заттардың қалдықтары өртенгені туралы хабар түскен. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ", - деді ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов. 

Осыған дейін, алматылықтар ыс иісі мен түтінге шағымданған еді. Әлеуметтік желі қолданушылар ыс иісі қаланың барлық ауданында сезілгенін жазды. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная