23 наурыз 2022 | 15:05

Алматыны қалың қар басты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда 15 сантиметрге дейін қар жауды. Алматы әкімдігі қар тазалау жұмыстары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 15 сантиметрге дейін қар жауды. Алматы әкімдігі қар тазалау жұмыстары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

23 наурыз күні сағат 02:00-ден бастап Алматыда жауын-шашын басталды, таңғы сағат 5-тен бастап ол қарға ұласты. Сағат 12:00-дегі жағдай бойынша қалада 2 сантиметр қар жауды, тау бөктерінде - 8-10 сантиметр, таулы аудандарда - 10-15 сантиметр. 

Реклама
Реклама

"Көктайғақты алдын алу мақсатында жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себілді. Коммуналдық қызметтер жаяу жүргіншілер жолын, қоғамдық көлік аялдамаларын, қоғамдық орындарды қарқынды тазалады", - деді әкімдік.

987 жол жұмысшысы, 412 арнайы техника жұмылдырылған. Аудан әкімдіктері мен мердігер ұйымдарда қар тазалау жұмыстарын бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.

"Қазгидромет" АҚ болжамына сәйкес, 23 наурызда жауын-шашын, кей уақытта қатты, түнде қалыпты қар жауады деп күтілуде. Ауа температурасы күндіз 0-ден 2 градусқа дейін, түнде минус 1-ден 3 градусқа дейін. 24 наурызда күндіз, сондай-ақ 25 және 26 наурызда жауын-шашын күтілмейді.

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram