17 қараша 2022 09:47

Алматыны қар басты: 105 текше метр қар шығарылды

Дина Шарипханова Корреспондент

Алматыда қалың жауған қар таңғы алтыда аяқталды. Түнде коммуналдық қызметкерлер қаладан 105 текше метр қарды шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қалың жауған қар таңғы алтыда аяқталды. Түнде коммуналдық қызметкерлер қаладан 105 текше метр қарды шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына сілтеме жасап.

Алматыда 16 қарашада түскі уақытта басталып, бүгін таңға дейін қар жауды.

"Көктайғақтың алдын алу мақсатында 126 құмшашқыштың күшімен жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себіледі. 17 қарашада сағат 06:00-дегі жағдай бойынша 2856 тонна пайдаланылды.

Қалада 8-10 сантиметр қар жауды, тау бөктерінде – 16 сантиметрге дейін қар жауды, таулы аудандарда – 21 сантиметрге дейін. Қаланың жоғарғы бөлігінде қар шығару жұмыстары басталды. 105 текше метр шығарылды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қазір тротуарларды, қоғамдық көлік аялдамаларын, жер үсті және жерасты өткелдерін тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Түнгі кезеңде 414 техника, оның ішінде 126 құмшашқыш, сондай-ақ 379 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Таңертең қала көшелеріне 452 бірлік техника және 1280 жол жұмысшысы шығарылды.

Аудан әкімдіктерінде қар тазалау жұмыстарының жүргізілуін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram