Алматыны тұман басты: әуежайда рейстер шегеріліп жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент

Алматыда қою тұман байқалып, әуежайда рейстер шегеріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда қою тұман байқалып, әуежайда рейстер шегеріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда 31 қаңтарда таңертең ерте қаланы қалың тұман басқаны байқалды.

Әуежайдың онлайн рейстер кестесіне сәйкес, бүгін 12 рейс кешігіп жатыр. Оның ішінде Нұр-Сұлтаннан бес ұшақ кешігіп жатыр. Бұл бағыттағы рейсті қазақстандық төрт әуекомпаниясы орындайды: Air Astana, Fly Arystan, Qazaq Air және SCAT.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Шымкент, Атырау, Жезқазған, Өскемен және Пхукет рейстері де кешігіп жатыр. Бес ұшақ Алматыдан Нұр-Сұлтан, Атырау, Ақтөбе және Жезқазған бағытына ұшуы керек болған.

Алматы-Қапшағай бағытында тасжолда көру мүмкіндігі шектеулі. Әлеуметтік желіде жолдан түсірілген кадрлар пайда болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама