09 желтоқсан 2022 | 13:54

Алматының 2023 жылға арналған бюджеті бекітілді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Алматының 2023 жылға арналған бюджеті 1 триллион 258 миллиард теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматының 2023 жылға арналған бюджеті 1 триллион 258 миллиард теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кезектен тыс сессияда мәслихат депутаттары қала бюджетін бекітті. Сонымен, келесі жылы бюдет төмендегідей салаларға жұмсалады:

  • Мұғалімдердің, медицина қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуге, вакциналар сатып алуға, халықты әлеуметтік қолдауға 776,6 миллиард теңге;
  • Инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға 230 миллиард теңге;
  • Бюджеттік алуларға 207,2 миллиард теңге;
  • МЖӘ шеңберіндегі міндеттемелерге және мемлекеттік қарызды өтеуге 21,4 миллиард теңге;
  • Алматы қаласы әкімінің резервін толықтыруға 22,5 миллиард теңге.
Реклама
Реклама

"Алматы қаласы бюджетінің жартысы тұрғындарды әлеуметтік қолдауға жұмсалады. 2520 орындық 10 мемлекеттік балабақша салу жоспарланып отыр, тағы 5000 орындық мемлекеттік тапсырыс жеке балабақшаларға беріледі.

Жалпы 337 мың оқушыны қамтитын 211 мектепті, 16 интернаттық мекемені, 50 колледжді ұстауға 242,5 миллиард теңге жоспарланған. 18 мектептен тыс ұйымға қосымша білім беруге тағы 2,2 миллиард теңге қарастырылған.

2505 тәрбиешіні, 3000 мектеп мұғалімін, 150 қызметкерді қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға басқарушы персоналдан 2,8 миллиард теңге бағытталады", - делінген әкімдік хабарламасында.

Кезектен тыс өткен ХХХІ сессияда VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының депутаттары қаланың 2023-2025 жылдарға арналған үш жылдық бюджетін қолдап, бекітті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная