Алматының алмасы ұлттық брендке айналуы мүмкін - Тоқаев

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Мемлекет басшысы Алматы облысына жұмыс сапары барысында алматылық алманың ұлттық брендке айналуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Алматы облысына жұмыс сапары барысында алматылық алманың ұлттық брендке айналуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы алмасы бүкіл әлемге танымал ұлттық брендке айналуы мүмкін. Өңір алма ғана емес басқа да бау-бақша және жеміс-жидек дақылдарымен танымал. Бұл бағыт дұрыс дамыса, өңір бүкіл Қазақстанды қамтамасыз ететін болады. Тіпті экспортқа шығып, ұлттық брендке айналуы мүмкін", - деді Мемлекет басшысы облыс жұртшылығымен кездесуінде.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қонаевтың Алматыға жақындығы да қолайлы факторлардың бірі.

Реклама
Реклама

"Бүгінде менің тапсырмам бойынша мегаполистің айналасындағы азық-түлік белдеуін дамыту бағдарламасы әзірленіп жатыр. Жобаның сәтті жүзеге асуы ауыл шаруашылығының қарқынды дамуына ықпал етеді", - деп қосты Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама