ПОДЕЛИТЬСЯ
28 маусым 2021 | 18:29
Алматының бас дәрігері вакцина салу кейінге қалатын жағдайларды атады
Алматы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бастығы Нариман Табынбаев қандай науқастарға коронавирусқа қарсы вакцина салуды кейінге қалдыратын құжат берілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бастығы Нариман Табынбаев қандай науқастарға коронавирусқа қарсы вакцина салуды кейінге қалдыратын құжат берілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бірінші кезекте, аллергиясы бар барлық адам диспансерлік есепте тұрады. Бүкіл жерде, әрбір денсаулық карточкасында аллергия байқалатыны және қандай дәрілік препораттарға немесе химиялық реагенттерге аллергия бар екені жазылатын баған бар. Сондықтан, бұл жерде дәлелдеудің қажеті жоқ, өйткені бәрі медициналық тарихта сипатталған. Ал квинкенің ісінуі, тұншығу тәрізді аллергияның ауыр түрлері бар адамдар, әрине, олар ерекше есепке алынады.
Бұдан бөлек, қабылдау пунктінде науқастың ауру тарихында қандай да бір дәрілік аппараттарға ғана емес, бояғыштарға немесе басқа химиялық және органикалық заттарға реакциялар байқалатыны көрсетілсе, анамнез жиналады. Әрине, оларға вакцина салу кейінге қалдырылып, зерттеу жүргізу үшін тұрғылықты жері бойынша үйіне жіберіледі", - деді Табынбаев ӨКҚ онлайн-брифингінде.
Бұған дейін Алматының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин 46 адамнан "дельта" штамы анықталғанын хабарлаған болатын. Сондай-ақ, ол коронавирустың төртінші толқыны басталуы мүмкін екенін айтқан болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также