26 маусым 2021 18:18

Алматының бас санитария дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

Фото: Әлихана Сариева

Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин карантин талаптары туралы жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин карантин талаптары туралы жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжатқа сәйкес, әлеуметтік-экономикалық нысандарға жұмыс талады бекітілді. 

Сонымен қатар, ерекше қорғалатын табиғи аймақтарға (мемлекеттік, ұлттық табиғи саябақтар, қорықтар және басқалары) 15 адамнан аспайтын жеке және ұйымдасқан топтарға баруға рұқсат етіледі.

Реклама
Реклама

Ал жиындарды вакцина төлқжаты бар және соңғы 6 айда коронавирус жұқтырып, жазылған қатысушылармен күндізгі режимде өткізуге рұқсат.

Құжатта "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың және жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың жұмысына рұқсат етілген.

Жаппай бетперде тағу режимі енгізіледі, қоғамдық көлік, такси, метро, әуежайлар және басқаларды профилактикалық дезинфекциялық өңдеуден өтуі тиіс.

Бұдан басқа, вирус таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттік органдардың қызметкерлерін, сондай-ақ волонтерлер мен әлеуметтік қызметкерлерді ай сайын бір реттік тексеру енгізіледі.

Қаулы 28 маусымнан бастап күшіне енеді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram