ПОДЕЛИТЬСЯ
04 шілде 2022 | 17:05
Алматының бас санитария дәрігері жаңа қаулыға қол қойды
Алматының бас мемлекеттік санитария дәрігері Қасымхан Алпысбайұлы жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматының бас мемлекеттік санитария дәрігері Қасымхан Алпысбайұлы жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұған дейін Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев Алматы коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық жағдайға байланысты "сары" аймаққа көшкенін айтқан болатын.
4 шілдедегі "Алматы қаласы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу шаралары туралы" қаулыға сәйкес, жабық үй-жайларда маска тағу режимін енгізу ұсынылады. Сондай-ақ, байланыста болған адамдарды, жүкті әйелдерді және екпе алуға қарсы көрсетілімі бар адамдарды қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстыру ұсынылған.
Қаулы 7 шілде сағат 00.00-ден бастап қолданысқа енгізіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также