ПОДЕЛИТЬСЯ
03 қыркүйек 2021 | 08:53
Алматының бас санитария дәрігері қаладағы карантин режимін жеңілдетті
Бейсенбі, 2 қыркүйекте Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бейсенбі, 2 қыркүйекте Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Құжатта қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақталғаны жазылған - коронавирус деңгейі тұрақты түрде төмендеп, инфекциялық төсек-орынның толу көрсеткішін төмендеп, жедел жәрдем шақыру мен ауруханаға жатқызу деңгейі де төмендеген.
Осыған байланысты санитария дәрігері карантин режимін жеңілдеткен. Яғни 4 қыркүйектен бастап Ashyq қатысушылары демалыс күндері де жұмыс істей алады.
Қатысушылар 00:00-ге дейін, ал Ashyq көшбасшылары сағат 02:00-ге дейін жұмыс істей алады.
6 қыркүйектен бастап жұмыс күндері Ashyq қатысушыларының жұмысы 00:00-ге дейін, ал көшбасшы қатысушылардың жұмысы 02:00-ге дейін созылады.
Қаулы қол қойған күннен бастап күшіне енеді. Толық нұсқасымен мына жерде танысуға болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также