Алматының бас санитария дәрігері үнді штамының симптомдарын атады

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустың үнді штамының симптомдарын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустың үнді штамының симптомдарын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шотландиялық әріптестердің дерегі бойынша, бұл өте жұқпалы вирус, ұлыбританиялық штамнан екі есе асып түседі. Клиникада осы штамм бойынша ауруханаға түсу, қайтыс болу ықтималдығы жоғары. Ерекшелігі - іш буындарының қатты ауыруы, сондай-ақ есту қабілетін жоғалту осы штамға. Негізгі белгілер тұмауға ұқсайды - бас, тамақ ауруы, мұрыннан су ағуы және дене қызуының көтерілуі, бірақ иіс жоғалмайды, көп жағдайда жөтел болмайды. Міне, штамм симптомдарының ерекшелігі осы", - деді Бекшин.

Бұған дейін ол Алматыда 22 маусымда скрининг кезінде оң нәтиже көрсеткен ПТР-сынамаларының бірінен үнді штамы анықталғанын хабарлаған болатын. Оны үнемі үйде отыратын үй шаруасындағы әйелден анықтаған. Күйеуі жұмыс істейді, ақпанда вирус жұқтырып, ауырған. Қазір байланыста болған адамдар мен орындар бақылауға алынды.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама