Алматының бір ауданында суық су болмайды

Фото:depositphotos.com

Алматыда сумен жабдықтау желілерінде жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Қай ауданда суық су беру уақытша шектелетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда сумен жабдықтау желілерінде жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Қай ауданда суық су беру уақытша шектелетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы Су" мәліметінше, 12 маусым сағат 00:00-ден 14 маусым сағат 8:00-ге дейін су құбыры желілеріндегі технологиялық жабдықтарды ауыстыру бойынша жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

"Осыған байланысты Жетісу ауданында Рысқұлов - Лобачевский - Сейфуллин - Ақпаев көшелері шаршысында суық су беру уақытша шектеледі. Жұмыс барысында Түрксіб ауданында Рысқұлов даңғылы - Сейфуллин даңғылы - Жұмабаев көшесі - Жансүгіров көшесі шаршысында су қысымының төмендеуі күтіледі", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Жабық клапандар мен басқа да технологиялық жабдықтарды ауыстыру бойынша жұмыстарды уақытылы аяқтау аталған аудандардағы тұтынушыларды сапалы және тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні айтылды. Алматылықтардан мәжбүрлі уақытша қолайсыздыққа түсінікпен қарау сұралды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама