ПОДЕЛИТЬСЯ
04 қазан 2021 | 12:33
Алматының бір ауданында тұрғындар бір күн бойы суық сусыз қалады
Алматының Әуезов ауданындағы бірқатар ғимарат бір күн бойы суық сусыз қалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы су" МКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматының Әуезов ауданындағы бірқатар ғимарат бір күн бойы суық сусыз қалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы су" МКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"6 қазан күні сағат 08.00-ден 00.00-ге дейін Шаляпин-Мұсабаев-Әшімов-Абай көшелерінде орналасқан Алмас, Астана, Атамекен, Достық, Қуаныш, Мамыр-1, Мамыр-2, Мамыр-4, Мамыр-5, Мамыр-6, Мамыр-7, Тепличный, Шабыт, сондай-ақ Қалқаман-2 шағын аудандарының аумағында орналасқан тұрғын үйлерге және басқа да ғимараттарға суық су беру тоқтатылады", - делінген хабарламада.
Су тоқтаған уақытта денсаулық сақтау, білім беру нысандарында және әлеуметтік саладағы өзге де ғимараттарға автоцистерналармен су жеткізу ұйымдастырылады.
"Су болмау себебі - сумен жабдықтау объектісіндегі технологиялық жабдықты ауыстыру қажет", - деп толықтырды баспасөз қызметі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также