17 мамыр 2019 | 16:47

Алматының бұрынғы бас дәрігеріне 240 миллион теңге айыппұл салынды

Серікбол Мусинов

Алматының Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Серікбол Мусиновқа қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. Ол аса ірі көлемде пара берді деген күдікке ілінген болатын.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматының Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Серікбол Мусиновқа қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. Ол аса ірі көлемде пара берді деген күдікке ілінген болатын.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабының 1 және 2-тармағының 3-бөлігі бойынша ("Пара беру") айыпты деп танылып, 240 миллион теңге мөлшерінде айыппұл төлесін. Айыппұлды төлеу мерзімі - бір жыл", - деп оқыды үкімді судья.

Реклама
Реклама

Айыптау актісіне сәйкес, бұл заң бұзушылықтар 2018 жылдың тамызында анықталған болатын. Алматы қаласының прокуроры жоспардан тыс тексеру жүргізген еді. Кейінірек сот барысында ведомство өкілдерінің пара беру бойынша арнайы жоспар дайындағаны анықталды: үш жылда 25 мың доллар мөлшеріндегі пара. Серікбол Мусиновтің қоластындағылары осы жоспардың барлығын басшысына ұсынып отырған.

"Осылайша, Мусинов Боранбаевамен және Серікбаевпен бірге лауазымды тұлғаға 25 мың доллар мөлшерінде пара берген", - деді мемлекеттік айыптаушы.

Еске салайық, ақпан айында Алматының бұрынғы бас дәрігерінің пара берді деген күдікке ілінгені хабарланған болатын. Серікбол Мусинов Алматының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен 2018 жылдың қыркүйегінде босатылған еді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная