ПОДЕЛИТЬСЯ
07 шілде 2022 | 11:29
Алматының екі ауданында бірнеше күн ыстық су болмайды
Алматының екі ауданында ыстық су уақытша өшіріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы жылу желілері" ЖШС-не сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматының екі ауданында ыстық су уақытша өшіріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы жылу желілері" ЖШС-не сілтеме жасап.
Алматы қаласының Түрксіб және Наурызбай аудандарының аумағында орналасқан бірқатар тұрғын үй мен өзге де ғимараттарға ыстық су беру көшелер мен тұрғынжайлар контурларында шектеледі:
11 шілдеден 15 шілдеге дейін:
Хмельницкий - Староэлеваторская - Бакинская - Куйбышева,
Шахтинск - Аяз би - Демченко - Атбасар,
Урицкий – Бейсебаева - Нұрсая - Бартольд,
Остроумова - Красногорская - Дегдар - Остроумова;
11 шілдеден 1 тамызға дейін:
Райымбек - Жуалы - Абай - Алтын орда.
"Шектеулер "Алматыжылукоммунэнерго" ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также