Алмалы және Түрксіб аудандарында жылу желілерін қайта жаңғыртуға байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
31 мамырдан 20 шілдеге дейін Алмалы ауданында Бөгенбай батыр көшесінің Бруно көшесінен Аносов көшесіне дейінгі бөлігінде екі бағытта да көлік қозғалысы шектеледі.
31 мамырдан 30 маусымға дейін Түрксіб ауданында Котельников көшесінің Сейфуллин даңғылынан Ақан Сері көшесіне дейінгі бөлігінде де екі бағытта көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады.
"Бұл көшелерде жолдың астынан өтетін магистральдық құбырларды қайта жаңарту жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында уақытша шектеулер енгізіледі.
Аталған аудандарда биыл жалпы ұзындығы 3 шақырым болатын, 1983-1985 жылдары пайдалануға берілген жылу желілері жаңартылады. Бұл 105 көпқабатты тұрғын үйді, 5 жеке үйді, 1 мектеп пен 3 өзге де нысанды қыс мезгілінде тұрақты жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!